Қырғызстанда Ыстықкөлді Алматымен байланыстыратын жол ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ыстықкөл облысының Түп ауданындағы Түп-Кеген жолын ашты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Кыргызский лидер подчеркнул важность реализации проекта.   - Эта дорога имеет важное экономическое и социальное значение, так как она соединяет живописный Иссык-Куль с Алматинской областью Казахстана и городом Алматы. Однако проект не ограничивается только строительством дороги. Он также направлен на развитие устойчивого туризма в Иссык-Кульской области, - сказал он.  Как отметили в пресс-службе президента КР, автодорога Тюп–Кеген протяженностью 52 километра построена в соответствии с современными стандартами. Полностью обновлен участок с 39-го по 76-й километр, а также 13 километров автодороги Каркыра–Турук–Сары-Жаз.  Ранее сообщалось, что с 25 августа 2025 года на границе Казахстана и Кыргызстана пункт пропуска «Каркыра-автодорожный» переведен на круглосуточный режим функционирования.  Казахстан и Кыргызстан с сентября возобновили международный автобусный маршрут. Также откроется новый авиамаршрут между Алматы и Караколом через перевал Санташ.
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қырғызстан басшысы жобаның маңыздылығына тоқталды.

— Бұл жолдың экономикалық және әлеуметтік маңызы зор, өйткені ол әсем Ыстықкөлді Қазақстанның Алматы облысымен және Алматы қаласымен байланыстырады. Алада, жоба тек жол құрылысымен ғана шектелмейді. Сондай-ақ Ыстықкөл аймағында тұрақты туризмді дамытуды көздейді, — деді ол.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, 52 шақырымдық Түп-Кеген жолы заманауи стандарттарға сай салынған. Жол учаскесінің 39-дан 76-ыншы шақырымына дейінгі бөлігі, сондай-ақ Қарқыра-Тұрық-Сары-Жаз жолының 13 шақырымы толығымен жаңартылды.

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы «Қарқыра тас жолы» өткізу бекеті 2025 жылдың 25 тамызынан бастап тәулік бойы жұмыс істейтіні туралы бұған дейін хабарланған болатын.

Қыркүйек айында Қазақстан мен Қырғызстан халықаралық автобус бағытын қайта бастады. Алматы мен Қаракөл арасында Санташ асуы арқылы жаңа әуе жолы да ашылады.

Соңғы жаңалықтар