Қырғызстанда Көлбаевтың қылмыстық кірістерін заңдастыруға қатысты тағы бір күдікті ұсталды
Комитеттің мәліметінше, Қ.Асанбек тарапынан қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) фактісіне қатысты тіркелген сотқа дейінгі іс жүргізу материалдары бойынша тергеу жүргізу барысында 8 қаңтар күні Қырғызстан Республикасының азаматы В.Р.Г ұсталды.
Оған Қырғызстан Республикасы ҚК 222-бабының 3-бөлігі (қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және қылмыстық кодекстің 96-бабы бойынша қылмыс жасады деген айып тағылды.
В.Р.Г. Қ.Асанбектің қылмыстық әрекетін біле тұра, 2016 жылдан бері қылмыстық жолмен табылған қаражатты заңдастырумен айналысып, Қ.Асанбекке тиесілі келесі ірі нысандардың құрылысына қатысқан: «Березка» монша кешені, «Барыс» демалыс орталығы, «Қағанат Ресорт» демалыс орны, «Ордо» ойын-сауық орталығы, сондай-ақ, «Сейіл» тұрғын үй қалашығындағы коттедждер.
Қазіргі уақытта Қырғызстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қ.Асанбекке тиесілі мүлікті анықтау және мемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті жедел-іздестіру шараларын жалғастырып жатыр.
Бұған дейін Көлбаевтың 720 пәтері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Естеріңізге сала кетейік, қазан айында Бішкекте арнайы операция кезінде қылмыстық авторитет Қамшы Көлбаевтың қаза тапқаны хабарланған болатын.
Кейін Қырғызстанның 50 кеден қызметкері Камшы Көлбаевпен байланысы үшін жұмыстан шығарылды