Қырғызстанда көмір экспортына салынған тыйым мерзімі ұзартылды

АСТАНА.KAZINFORM — Қырғызстан көмірді автомобиль көлігімен экспорттауға тыйым салу мерзімін алты айға ұзартты.

Қырғызстанда көмір экспортына салынған тыйым мерзімі ұзартылды
Фото: Freepik

 

 

Тиісті қаулыға Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинетінің шешімімен қол қойылды.

Құжатқа сәйкес, «Иркештам-Автодорожный» және «Торугарт-Автодорожный» автомобиль жолдарының өткізу пункттері босатылған.

Шектеу Қырғыз Республикасының Энергетика министрлігіне қарасты «Қырғызкөмір» мемлекеттік кәсіпорнына және 2702 кодтары бойынша жіктелген көмірді Қырғызстанның мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттері арқылы автомобиль көлігімен экспорттауға қолданылмайды.

Бұған дейін Қырғызстан ағаш және ағаш материалдарын экспорттауға тыйым салу мерзімін ұзартқан болатын.

https://kaz.inform.kz/news/kirgizstan-agash-zhane-agash-materialdarin-eksporttauga-tiyimdi-uzartti-3e5286de