Қырғызстанда сайлаудан кейін жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған 10 күдікті ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрлігі Жогорку Кенешке сайлаудан кейін жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға дайындалып жүрген деструктивтік топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Кабар.

Қырғызстанда сайлаудан кейінгі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға күдікті 10 адам ұсталды
Фото: Кабар

Ведомство хабарлағандай, топқа саяси қайраткерлер, бұрынғы депутаттар, экс-мемлекеттік қызметшілер және құқық қорғау органдарының қызметкерлері кірген. Олар өз жақтастарын, соның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтар мен спорттық қауымдастықтарды провокациялар мен күш қолдану әрекеттеріне тартқан.

Қырғызстанда сайлаудан кейінгі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға күдікті 10 адам ұсталды
Фото: Кабар

Ұсталғандар сайлаудың нәтижелері жарияланғаннан кейін ел бойынша митингілер ұйымдастыруды жоспарлаған, бастапқыда оңтүстіктен бастап, кейін Бішкек пен облыстарда халық наразылығын халық наразылығын көрсетуді мақсат еткен. Олардың жоспарына конституцияға қарсы үндеулер, әкімшілік ғимараттарды, телеарналарды, құқық қорғау органдары нысандарын, қару-жарақты және қамау орындарын басып алу ықтималдығы кірген.

Қырғызстанда сайлаудан кейінгі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға күдікті 10 адам ұсталды
Фото: Кабар

Топта әркімнің өз орны мен міндеті анықталған. «Координациялық топтар» саяси талаптарды білдірсе, қылмыстық құрылымдар күштік қолдауды қамтамасыз етуі тиіс болған. Кейбір қатысушылар өзара болашақ лауазымдарын алдын ала бөлісіп қойған.

Қырғызстанда сайлаудан кейінгі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға күдікті 10 адам ұсталды
Фото: Кабар

Тексеру барысында қару-жарақ, оқ-дәрілер, гранаталар, байланыс құралдары, 150 мың АҚШ доллары көлемінде ақша, тәртіпсіздіктерді қаржыландыруға арналған құжаттар, іс-қимыл жоспары және есірткі заттары тәркіленді.

Қырғызстанда сайлаудан кейінгі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға күдікті 10 адам ұсталды
Фото: Кабар

Ұсталғандарға — А.У. (1963 ж. т.), С. Т. (1998 ж. т.), А.Ш. (1979 ж. т.), Э.Э. (1983 ж. т.), М.Д. (1984 ж. т.), Ш. Т. (1986 ж. т.), А.К. (1993 ж. т.), А.У.Э. (1993 ж. т.), К.Н. (1993 ж. т.), К.К. (1970 ж. т.) КР ҚК 278-бабының 1-бөлігі бойынша (жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға дайындық, соның ішінде зорлық-зомбылық, тонау, өрт қою және т. б.) айып тағылды. Фигуранттар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қырғызстанда сайлаудан кейінгі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға күдікті 10 адам ұсталды
Фото: Кабар

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында деструктивтік топқа қатысы бар басқа тұлғаларды және олардың қаржыландырушыларын анықтау мақсатында бірқатар тергеу-оперативтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, Қырғыз Республикасы Президентінің 30 қыркүйектегі жарлығымен Жогорку Кенеш депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауы 2025 жылдың 30 қарашасы, жексенбі күні өткізіледі.

Қырғызстандағы парламент сайлауына 467 кандидат тіркелді.

Қырғыз Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясы 5 қарашада Алматы, Тараз және Шымкент қалаларында қосымша үш сайлау учаскесін құру туралы қаулы қабылдады.

Бұған дейін Қазақстанда Қырғыз Республикасының азаматтары Астанадағы (ҚР-дағы Қырғызстан елшілігі), Алматыдағы (ҚР-дағы Қырғызстанның Бас консулдығы) және Атырау мен Қарағандыдағы учаскелерде дауыс бере алатынын хабарлаған едік.

Бұған дейін Қырғызстанға парламенттің өзін-өзі таратуы не үшін қажет екенін жазған едік.

Қырғызстанда 10 қарашадан бастап Жогорку Кенеш депутаттарын мерзімінен бұрын сайлауына арналған үгіттеу науқанының кезеңі басталды.

Ол 2025 жылдың 10 қарашасында басталып, 2025 жылдың 29 қарашасында таңғы сағат 8:00-де аяқталады. Үгіт-насихат жиналыстарда, митингілерде, БАҚ және онлайн басылымдар арқылы жүргізілуі мүмкін. Сайлау комиссиялары үгіт-насихат жұмыстары мен сайлаушылармен кездесулердің өткізілуін қамтамасыз етуі тиіс.

Алдағы кезектен тыс парламент сайлауы кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Қырғызстан құқық қорғау органдарының 10 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылады.

Соңғы жаңалықтар