Қырғызстанда SIM картасын үшінші тұлғаға бергендер үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді
АСТАНА.KAZINFORM — Қырғызстанда SIM -карталарды басқа біреуге бергендер үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қырғыз Республикасының Заңына қол қойды. Заңды Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеші 25 маусымда қабылдаған.
Заңның мақсаты — тұлғаның өзінің банк картасын, шотын, электрондық әмиянын, мобильді банкингі, SIM картасын немесе басқа да қаржылық деректемелерін үшінші тұлғаларға беруіне немесе сатуына жол бермеу, бұл IT-технологиялар арқылы жасалатын қылмыстардың деңгейін төмендетуге ықпал етеді.
Осылайша, заң Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексін үшінші тұлғаларға электрондық төлем құралдарын, виртуалды актив әмиянын және SIM картасын қасақана беру немесе сату үшін жауапкершілікті белгілейтін нормамен толықтыруды ұсынады (2091-бап).
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қырғызстан Тәжікстан және Өзбекстанмен шекара туралы келісімді ратификациялады.
Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан Тәжікстан және Өзбекстанмен шекараның түйісуі туралы шартты ратификациялады.