Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қырғызстанда жанармайдың резервтік қорын сақтайтын мұнай қоймалары салынады

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанда жанармай жеткізілімі үзілген жағдайда елдегі қорды қамтамасыз ету үшін арнайы мұнай қоймаларын салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар елдегі екі ірі мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Kazinform Азертадж сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстанда жанармайдың резервтік қорын сақтайтын мұнай қоймалары салынады
Фото: Азертадж

Бұл туралы Қырғызстан Экономика және коммерция министрлігі жанындағы Монополияға қарсы реттеу қызметінің реттелетін салаларды басқару бөлімінің меңгерушісі Лариса Шустикова мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұнай қоймаларын салу сыртқы факторлардың ішкі жанар-жағармай нарығына әсерін азайтуға бағытталған шаралардың бірі болмақ.

Сонымен бірге Қырғызстан мұнай өнімдерін ішкі өндіріс көлемін арттыруды көздеп отыр. Осы мақсатта елдегі екі ірі мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылып жатыр.

Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін кәсіпорындардың өндірістік қуаты артып, өндірілетін бензиннің сапасы К5 экологиялық класына дейін көтерілмек.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аумағынан тауарлар мен көлік құралдарын қажетті құжаттарсыз шекара арқылы өткізгені үшін айыппұлдарды көбейткенін хабарлағанбыз.