Қырғызстанда жайылымды бүлдіргендердің көлігіп алып қою ұсынылды

АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ел тұрғындарын табиғатты аялауға шақырып, тау бөктерлері мен жайылымдарды квадроцикл, жол талғамайтын көліктермен бүлдіргендерге жазаны қатайтуды ұсынды.

Забирать автомобили за уничтожение пастбищ предложили в Кыргызстане
Фото: pexels.com

Қырғыз көшбасшысының айтуынша, елде таулы аймақтарда квадроциклдермен жүру жағдайлары жиілеп береді. Олар көліктерімен көк шөп пен жасыл жайлауды бүлдіріп жүр.

- Адамдар квадроциклдер және жол талғамайтын көліктерімен тіпті жайылымға да кіріп кетеді. Таулы аймақта да жолдардың бар екеніне қарамастан олар жасыл алқапты құртып, жайылымдарды таптап жүр. Осыған байланысты мен ішкі істер және табиғи ресурстар, экология мен техникалық бақылау министрліктеріне осындай заңбұзушыларға айыпұл салу және олардың техникаларын алып қою мүмкіндігін қарастыруды тапсырдым, - деп жазды ол.

Ол тауға саяхаттаушыларды көліктерімен тек жолмен жүруге, жол біткен жерде жаяу жүруге немесе көлікті қалдырып атқа мінуге шақырды.

Осыған дейін Қырғызстан билігі ел азаматтарын электр энергиясын үнемдеуге шақырған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар