11:17, 30 Қаңтар 2026 | GMT +5
Қырғызстанда жер сілкінді
АСТАНА. KAZINFORM – Жерасты дүмпуі 30 қаңтарда Астана уақытымен сағат 7:54-те (Гринвич бойынша сағат 02:54) Қырғызстан аумағында тіркелді, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық деректер орталығы.
ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институты РМК жедел деректеріне сәйкес, зілзала ошағының бағыты 41.39 градус солтүстік ендік, 75.64 градус шығыс бойлықта жатыр.
Магнитудасы mpv=3.9
Энергетикалық класы K=9.0.
Бұған дейін Тәжікстанда жер сілкінгенін хабарлаған болатынбыз.