Қырғызстандағы парламент сайлауына 378 халықаралық байқаушы тіркелді
БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстан Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясы Жогорку Кенеш депутаттарын кезектен тыс парламент сайлауына қосымша 251 халықаралық байқаушыны аккредиттеді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Қырғызстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 12 және 19 қараша күндері халықаралық байқаушылар ретінде келесі өкілдер аккредиттелді:
* Болгария Республикасының Орталық сайлау комиссиясы;
* Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясы;
* Беларусь Республикасының Орталық сайлау комиссиясы;
* Мысыр Араб Республикасының Ұлттық сайлау комиссиясы;
* Ислам ынтымақтастығы ұйымы;
* Қытай Халық Республикасының Қырғыз Республикасындағы елшілігі;
* Америка Құрама Штаттарының Қырғыз Республикасындағы елшілігі;
* Жапонияның Қырғыз Республикасындағы елшілігі;
* Мажарстанның Қырғыз Республикасындағы елшілігі;
* Ұлыбританияның Қырғыз Республикасындағы елшілігі;
* Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Еуропадағы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы;
* Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының байқаушылар миссиясы;
* Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы;
* Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясы;
* Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық Ассамблеясы;
• Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясы;
• Моңғолияның Бас сайлау комиссиясы;
* Өзбекстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы;
* Боливариан Венесуэла Республикасының Ұлттық сайлау органы;
* Индонезия сайлау комиссиясы;
* Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасы;
* Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының байқаушылар миссиясы;
* Түркі мемлекеттері ұйымы;
* Шанхай ынтымақтастық ұйымы.
Еске сала кетсек, Қырғыз Республикасы Президентінің 30 қыркүйектегі жарлығымен Жогорку Кенеш депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауы 2025 жылдың 30 қарашасы, жексенбі күні өткізілетіні бекітілді.
Қырғызстандағы парламент сайлауына 467 кандидат тіркелді.
Қырғыз Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясы 5 қарашада Алматы, Тараз және Шымкент қалаларында қосымша үш сайлау учаскесін құру туралы қаулы қабылдады.
Бұған дейін Қазақстанда Қырғыз Республикасының азаматтары Астанадағы (ҚР-дағы Қырғызстан елшілігі), Алматыдағы (ҚР-дағы Қырғызстанның Бас консулдығы) және Атырау мен Қарағандыдағы учаскелерде дауыс бере алатынын хабарлаған едік.
Бұған дейін Қырғызстанға парламенттің өзін-өзі таратуы не үшін қажет екенін жазған едік.
Қырғызстанда 10 қарашадан бастап Жогорку Кенеш депутаттарын мерзімінен бұрын сайлауына арналған үгіттеу науқанының кезеңі басталды.
Ол 2025 жылдың 10 қарашасында басталып, 2025 жылдың 29 қарашасында таңғы сағат 8:00-де аяқталады. Үгіт-насихат жиналыстарда, митингілерде, БАҚ және онлайн басылымдар арқылы жүргізілуі мүмкін. Сайлау комиссиялары үгіт-насихат жұмыстары мен сайлаушылармен кездесулердің өткізілуін қамтамасыз етуі тиіс.
Алдағы кезектен тыс парламент сайлауы кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Қырғызстан құқық қорғау органдарының 10 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылады.