Қысқы Азия ойындары: Қазақстан спортшылары қандай спорт түрінен сынға түседі
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан спортшылары 5 ақпан күні Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының керлинг және шайбалы хоккей спортынан сынға түседі.

Қазақстан құрамасының жарыс кестесі төмендегідей:
Керлинг (аралас жұп)
5 ақпан, 7:00. Қазақстан – Корея
5 ақпан, 15:00. Қазақстан – Қатар
Амина Сейтжанова және Азизбек Надирбаев
Шайбалы хоккей
5 ақпан, 17:00. Қазақстан – Қытай (Ерлер)
Айта кетейік, IX қысқы Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді. Спортшылар 11 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Еске салсақ, хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы кеше В тобындағы алғашқы ойында Гонконгты 12:0 есебімен, екінші ойында Тайландты 9:0 есебімен ойсырата жеңді.
Ал ерлер құрамасы А тобындағы алғашқы ойында Тайландты 12:0 есебімен тізе бүктірді.