Қысқы Олимпиада: Михаил Шайдоров пен Геннадий Головкин Софья Самоделкинаға қолдау көрсетті
МИЛАН. KAZINFORM — 2026 жылғы қысқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров және Ұлттық Олимпиада көмитеті төрағасы Геннадий Головкин Милан-Кортина Олимпиадасында өнер көрсеткен Софья Самоделкинаға қолдау көрсетті.
Шайдоров және Головкин жарыс алаңына арнайы барып, отандасымыздың өнерін тамашалады.
Додадан кейін, Олимпиада чемпионы мен ҰОК төрағасы спортшыға гүл шоғын ұсынып, жүрек жарды лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, олар спортшының өткен туған күніне құттықтау айтты.
Айта кетейік, Самоделкина Олимпиада ойындарында екі кезеңнің қортындысы бойынша 207.46 ұпай жинап, жалпы есепте 10-орынға жайғасты.
Осыған дейін жазғы және қысқы Олимпиада ойындарында топ жарған спортшылар туралы жазған едік.
Еске салайық, Қазақстан Ұлттық құрамасы спортшыларының XXV қысқы Олимпиада ойындарындағы 19 ақпанда өтетін жарыс кестесі жарияланды.