Қысқы спорт түрлеріне бөлінген 13,3 млрд теңге қайда кетіп жатыр – министр жауабы
АСТАНА. KAZINFORM – Турзим және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында қысқы спорт түрлеріне бөлінген қаражаттың қайда кетіп жатқанын түсіндірді.
- Сіз айтып отырған 13,3 млрд теңге қысқы спорт түрлерінің бәріне 4 жылдың ішінде бөлінген. Оның ішінде еңбекақы төлеу қорынан бастап оу-жаттығу жиындарына, іссапарларға дейінгі шығындар да бар. Заманауи құрал-жабдықтар, медициналық сүйемелдеу, биологиялық жарақтандыру да соның ішіне кіреді. 20 өңірдің бәрі осы қаражаттан алды, - деді Ербол Мырзабосынов.
Министр бұл қаражаттың 80 пайызы бюджеттен алынғанын атап өтті.
- Бұл соманың шамамен 10-20 пайызы бюджеттен тыс көздерден алынды, - деді ол.
Бұған дейін Астанада қысқы спорт түрлеріне арналған бірыңғай мектеп құрылатынын жазған едік.