17:56, 13 Шілде 2017 | GMT +5
Кит өзін тордан босатқан құтқарушысын өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канада жағалауындағы қасиетті Лаврентия шығанағында солтүстіктік жылтыр кит өзін тордан босатқан құтқарушысын өлтірді, деп хабарлайды new york times басылымы.

Канадалық балықшы Джо Хаулетт осы елдің балық аулау және мұхит министрлігінің жедел қимылдауға арналған кемесімен торға тоғытылған китке дереу жетті. Ол арқандарды кесіп, теңіз жануарының жүзуіне кедергі келтірген аудан шығуына көмектесті. Босаған кит жүзуіне бөгет жасаған құтқарушысын судан ырши секірген бойы қағып түсірді. Салдарынан балықшы ажал құшты.
Хаулетт бірнеше жыл бойы сирек кездесетін киттерді құтқару ісімен айналысатын ұйым қызметіне қатысып келеді. Осы жылдар ішінде ол торға түскен ондаған су жануарларын құтқарған. Мерт болардан бірнеше күн бұрын ғана қасиетті Лаврентия шығанағының дәл осы бөлігінде торға түскен басқа китті құтқарған еді.