Кітапханада «Келешекті болжаған кемел Жолдау» тақырыбында акция болып өтті - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласындағы А.С.Пушкин атындағы кітапханада «Келешекті болжаған кемел Жолдау» тақырыбында акция болып өтті,

Кітапханада «Келешекті болжаған кемел Жолдау» тақырыбында акция болып өтті - Қызылорда

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онда кітапхананың тұрақты оқырмандары Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді, Қазақстан экономикасының өрлегенін айтып, әлеуметтік саладағы оңды істерді баяндады. «Өркениет» жастар ұйымының жетекшісі Жақып Шай­мұханбетұлы еліміздің кешегісі мен бүгіні өзгеріске толы екеніне дәйектер келтіріп, алдағы онжылдықта алынар асу ауқымды болатынына тоқталды. №6 кәсіптік мектеп оқушылары сәуірдің 1-нен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы мен шәкіртақылардың үстемеленетіні сарабдал саясаттың нәтижесі екенін жеткізді. Мұнан соң №12 мектеп оқушылары патриоттық өлеңдер оқып, кітапхана қызметкері Замзагүл Маштаева Жолдауға арналған кітап көрмесімен таныстырды.