Қытай АҚШ санкцияларының орындалуына кедергі келтірді

АСТАНА.KAZINFORM - Қытай Сауда министрлігі Қытайдың мұнай-химия компанияларына салынған АҚШ санкцияларын енгізуге тыйым салатын бұйрық шығарды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бейжіңдегі тілшісі.

Пекин отклонил санкции США в отношении китайских компаний
Фото: Xinhua

Қытай Сауда министрлігінің өкілі өткен апта соңында АҚШ Иранмен мұнай келісімдеріне қатысы бар деген күдікпен 2025 жылдан бастап бес қытайлық компанияға санкция енгізгенін мәлімдеді.

Санкциялар тізіміне Hengli Petrochemical (Dalian) Refining Co. Ltd., Shandong Shouguang Luqing Petrochemical Co. Ltd., Shandong Jincheng Petrochemical Group Co. Ltd., Hebei Xinhai Chemical Group Co. Ltd. және Shandong Shengxing Chemical Co. Ltd. кіреді.

АҚШ шараларына компанияларды арнайы белгіленген ұлттық тізімге қосу кіреді. Бұл мәртебе олардың активтерін бұғаттауды және олармен байланысты кез келген транзакцияларға тыйым салуды қамтиды.

Бұған дейін Бейжіңнің Вашингтонның Қытай мұнай компанияларына салған санкциясына қарсы шыққанын хабарлаған едік.