Қытай АҚШ-тың жаңа баж салықтарына байланысты ДСҰ-ға шағым түсірді

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай билігі АҚШ-тың ҚХР тауарларына қосымша баж салығын енгізуіне байланысты жағдайды реттеуді сұрап ДСҰ-ға жүгінді. Бұл туралы ҚХР коммерция министрлігінің хабарламасында айтылған, деп жазады Кazinform.

Министерство коммерции КНР
Фото: Baidu

— Қытай АҚШ-тың ДСҰ ережелерін өрескел бұзатын және Қытай мен АҚШ арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығының негіздеріне нұқсан келтіретін біржақты баж салықтарын қайта жүргізу туралы шешіміне үзілді-кесілді қарсы. Қытай өзінің заңды құқықтары мен мүддесін берік қорғайды және ДСҰ ережелеріне сәйкес көпжақты сауда жүйесі мен Халықаралық экономикалық және сауда тәртібін қолдайды, — делінген Қытай ведомствосының хабарламасында.

Қытайдың ұлттық қауіпсіздігі мен мүддесін қамтамасыз ету мақсатында 15 америкалық компанияны экспорттық бақылау тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды.

Бұл ретте қытайлық жеткізушілерге АҚШ-тағы аталған компанияларға қос мақсаттағы заттарды сатуға тыйым салынады.

Шектеу қойылатын компаниялар тізімінде leidos, Gibbs& Cox, Inc, IP Video Market Info, Inc., Sourcemap, Inc., Skydio, Inc., Rapid Flight LLC, Red Six Solutions, Shield AI, Inc., HavocAI, Neros Technologies, Group W, Aerkomm Inc., General Atomics Aeronautical Systems, Inc., General Dynamics Land Systems және Aero Vironment бар.

Қытай билігі сонымен қатар АҚШ-тың қосымша 10 компаниясын сенімсіз субъектілер тізіміне енгізді.

10 наурыздан бастап Қытай АҚШ-тың ауылшаруашылық өнімдеріне 10-15% қосымша тарифтер енгізді. Қосымша баждар тауық еті, бидай, жүгері, мақта, соя, шошқа еті, сиыр еті, жемістер мен көкөністер, сүт және сүт өнімдеріне қолданылады.

АҚШ 4 наурыздан бастап Қытайдан әкелінетін тауарларға қосымша 10% баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Бұл қадам АҚШ-тың ақпан айында Қытайдан әкелінетін өнімге енгізген қосымша 10% бажынан кейін жасалды.

Бұған дейін Дональд Трамп Қытай тауарларына баж салығын 20 пайызға дейін көтергені мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар