Қытай «Бави» тайфунына қатысты ескерту деңгейін көтерді
АСТАНА.KAZINFORM - Қытайдың Су шаруашылығы министрлігі «Бави» тайфунынан кейінгі нөсерге байланысты жасалған ескерту деңгейін сары деңгейге көтерді, деп хабарлайды Синхуа.
Қытайдың шығыс, орталық, солтүстік және солтүстік-шығысында, соның ішінде Янцзы-Хуайхэ аймағы мен Хуанхэ бассейнінде жауын-шашын мөлшері 40 мм-ден 90 мм-ге дейін, ал жергілікті жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден 260 мм-ге дейін көтерілді.
Хайхэ өзені бассейнінің бірнеше саласында су тасқыны тіркелді. Үздіксіз жауын-шашын Тайху көлі, Ляохэ өзені және Сунхуа өзендерінің арнасынан шығып, су басу қаупін арттырды.
Билік халықты сел көшкіні қаупінің жоғарылығына байланысты аса сақ болуға шақырды.
Тұрғындарға қатты жауын кезінде ойпат жерлерге, жерасты өткелдеріне және тау аңғарларына бармауға кеңес беріледі.
Қытайда төрт деңгейлі су тасқыны туралы ескерту жүйесі бар, қызыл түс қауіптің ең жоғары деңгейін білдіреді, содан кейін қызғылт сары, сары және көк түстер кему ретімен белгіленеді.
Бұған дейін Жапонияда «Бави» тайфунына байланысты жүздеген әуе рейсі тоқтатылған болатын.