Қытай дамушы елдер үшін ЖИ саласын оқытуға 5 мың квота бөледі
АСТАНА.KAZINFORM — Қытай алдағы бес жылда дамушы елдерге жасанды интеллект курстары мен семинарларына қатысу үшін 5000 орын береді, деп хабарлайды Синьхуа.
Қытай төрағасы Си Цзиньпин бұл туралы жұма күні Шанхайда өткен 2026 жылғы жасанды интеллект бойынша дүниежүзілік конференция мен жасанды интеллектіні жаһандық басқару жөніндегі жоғары деңгейлі конференцияның ашылу салтанатындағы баяндамасында мәлімдеді.
Қытай көшбасшысы Қытайдың ШЫҰ, БРИКС, АСЕАН, Араб лигасы, Африка одағы және Латын Америкасы мен Кариб бассейні мемлекеттері қауымдастығына бағытталған жасанды интеллект қолданбалары бойынша халықаралық ынтымақтастық орталықтарын құратынын атап өтті.
Си Цзиньпин Қытайдың бүкіл әлемде өмір мен мүлікті қорғауды қамтамасыз ету үшін 30 елде «Мацзу»интеллектуалды метеорологиялық ерте ескерту жүйесін енгізуге ықпал ететінін қоса айтты.
Бұған дейін Қытайда ЖИ мамандарына сұраныс 50%-ға артқаны хабарланған.