Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытай эмоционалды тәуелділік қаупіне байланысты ЖИ серіктестерін шектейді

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай пайдаланушылардағы психологиялық және эмоционалды тәуелділік қаупін азайту үшін ЖИ серіктестеріне арналған жаңа ережелер енгізді, деп хабарлайды Синхуа.

Қытай эмоционалды тәуелділік қаупіне байланысты ЖИ серіктестерін шектейді
Фото: Xinhua

Ереже тек адамдар арасындағы қарым-қатынасты ынталандыратын диалогтық платформаларға әсер етеді. Кәсіби және білім беру саласындағы ЖИ-ассистенттер жаңа ережеге бағынбайды.

Құжат платформа иелерін пайдаланушылардың эмоционалдық тұрақсыздығын анықтауға, дағдарыс жағдайына жедел жауап беруге және алгоритмдермен өзара әрекеттесу уақытын шектеуге міндеттейді.

Әзірлеушілер сонымен қатар жеке ақпараттың максималды қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және пайдаланушыларға өз деректерін толық бақылауға мүмкіндік беруге міндетті.

Нәтижесінде Doubao, Qwen және Yuanbao платформаларын қоса алғанда, жетекші қытайлық әзірлеушілер интерактивті жасанды интеллект агенттерінің жұмысын тоқтатты.

Еске салайық, бұған дейін Қытайда ЖИ мамандарына сұраныс 50%-ға артқанын хабарлаған едік.