Қытайда бесжылдық даму жоспары талқыланды: ЖИ-ға көбірек көңіл бөлінді

АСТАНА. KAZINFORM — 20-23 қазан күндері Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясы 20-шы шақырылған Орталық Комитетінің (ҚКП ОК) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 15-ші бесжылдық жоспарын (2026–2030) әзірлеуге арналған IV пленумы өтіп жатыр, деп хабарлайды Синьхуа.

Китай усиливает акцент на ИИ в новом пятилетнем плане развития
Фото: Синьхуа

Басылым атап өткендей, жаңа стратегиялық құжат тұрақты экономикалық өсімнің басты көзіне айналуы тиіс «жаңа сапалы өндірістік күштерді» қалыптастыру бағытына негізделген. Алдағы жылдары Қытай ғылыми-техникалық инновацияға, негізгі салаларды нығайтуға, дәстүрлі өнеркәсіптерді жаңғыртуға баса назар аударуды көздеп отыр.

Жоғары технологиялық секторларды дамытуға және ғылым мен өндірістің интеграциясын тереңдетуге ерекше назар аударылатын болады. Технологиялық инновацияларды ынталандыруға, тұтыну сценарийлерін кеңейтуге және ғылыми зерттеулер тиімділігін арттыруға бағытталған «Жасанды интеллект плюс» бастамасы осы салада басты рөл атқарады.

Перспективалы салаларға «мұз бен қар экономикасы», «күміс экономика», «биіктігі төмен экономика», сондай-ақ ауылдық тұтыну нарығы жатқызылған. Билік теңгерімді аймақтық дамытуды, ауылдық аймақтарды жандандыруды және ауыл шаруашылығын жаңғыртуды көздеп отыр.

2026-2030 жылдар аралығында Қытай ҚКП Орталық комитетінің алдыңғы пленарлық отырыстарында мақұлданған 300-ден астам реформаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жаңа бесжылдық жоспар 2035 жылға қарай жан-жақты социалистік жаңғырту мақсатына жету жолындағы маңызды кезең ретінде қарастырылады.

Бұған дейін Қытай төтенше жағдайлар саласына ЖИ-ді енгізгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар