Қытайда болған жер сілкінісі алматылықтарға 2 балл көлемінде сезілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM - 15 ақпан күні таңғы сағат 09:52 кезінде Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді.

алматы
Фото: Александр Павский/Kazinform

Сейсмикалық стансалар желісінің дерегінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан 260 шақырым жерде, оңтүстік шығысқа қарай Алматы Қытай Халық Республикасы аумағында орналасқан.

МSК-64 бағаны бойынша Алматыда 2 балл қуатымен сезілген.

Бұған дейін Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы биыл Қазақстан аумағында жойқын жер сілкінісі болмайтынын жеткізген еді.  

Соңғы жаңалықтар