Биыл Қазақстанда жойқын жер сілкінісі бола ма – сейсмолог жауап берді

Биыл Қазақстанда жойқын жер сілкінісі бола ма – сейсмолог жауап берді
Фото: pexels.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы комиссиясының соңғы деректері бойынша Алматыда сейсмикалық жағдай тұрақты. Биыл Қазақстанда жойқын жер сілкінісі күтілмейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ғылыми орталық  директоры Дәулет Сәрсенбаев айтты.

Спикердің сөзінше, өткен аптада сейсмикалық жағдайды талдау бойынша жұмыс аяқталды және 2024 жылға арналған орта мерзімді болжамға сәйкес республика аумағында 70% ықтималдықпен күшті жойқын жер сілкінісі күтілмейді.

«Біздің мамандардың қорытындысы бойынша және бірнеше ғылыми бағыттардың деректеріне сәйкес, жер қыртысындағы «жойқын» 200-ге жуық процесті зерттей отыра және Алматы сейсмикалық белсенді ауданының аумағында 5.5 және одан да көп магнитудасы бар жер сілкінісі болады деп күтілмейді», - деді Дәулет Сәрсенбаев.

Айтуынша, сейсмикалық жағдайды бағалау туралы апта сайынғы ресми ақпарат Алматы қаласының ТЖД, Алматы облысының ТЖД, ҚР ТЖМ және басқа да тиісті органдарға беріледі.

Комиссия құрамына ғылыми орталықтың жетекші мамандары кіреді.

Соңғы жаңалықтар