Қытайда қалың тұманға байланысты «сары» деңгейлі ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың метеорологиялық қызметі сәрсенбі күні елдің кейбір аймақтарында қалың тұманға байланысты «сары» деңгейлі ескерту жария етті, деп хабарлайды Синьхуа.

Туманы и ветер ожидаются в большинстве регионов Казахстана 16 ноября
Фото: Pexels

Ұлттық метеорологиялық орталық (ҰМО) мәліметіне қарағанда, сәрсенбі күні таңертеңнен түске дейін Шаньдун, Аньхой, Цзянсу, Чжэцзян, Цзянси, Хунань және Гуйчжоу провинцияларын қалың тұман басады.

Аньхой, Хунань және Гуйчжоу провинцияларында тұман салдарынан көріну қашықтығы 200 метрге дейін төмендеуі мүмкін.

Жол көлігінің жүргізушілеріне қауіпсіздік мақсатында жылдамдықты бақылауға кеңес беріледі. Әуежайларға, автожолдар әкімшіліктеріне тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдау тапсырылды.

Айта кетейік, Қытайда қалың тұманға арналған үш деңгейлі ескерту жүйесі бар: ең жоғары қауіпті «қызыл» деңгей болса, одан кейін «сары» және «қызғылт-сары» деңгейлері жалғастырады.

Бұдан бұрын Қытайда көпфункциялы автобустардың танымалдығы артып келе жатқанын жазған едік.