Қытайда оқушылардың үй тапсырмасын ЖИ тексеріп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — ҚХР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мао Нин X әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қытайдағы білім беру процестеріне жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізілуін көрсететін бейнеролик жариялады, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
— Қытай мектептерінде білімді бағалау үшін жасанды интеллект технологиялары енгізіліп жатыр. Бұл оқушыларға дәл нәтижелерді жедел ұсынуға және педагогикалық құрамның жұмыс жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік беріп отыр, — деп жазды ол.
Chinese schools are adopting AI-powered grading to deliver fast, precise feedback for students and lighten teachers’ workload. pic.twitter.com/8gnqqYvKWr
— Mao Ning 毛宁 (@SpoxCHN_MaoNing) January 24, 2026
Автоматтандыру процесі жазбаша тапсырмаларды сканерлеуді және оларды интеллектуалды жүйе арқылы лезде талдауды қамтиды. ЖИ мүмкіндіктері мұғалімнің тікелей араласуынсыз жылдам кері байланыс беріп, қолжазба есептердің шешімдерін дәл түсіндіруге мүмкіндік береді.
Бейнеролик X әлеуметтік желісінде және қытайлық Weibo микроблогтар қызметінде кеңінен тарады.
Бұған дейін Қытайда ЖИ арқылы басқарылатын алғашқы мейрамхана ашылғанын жазған едік.