12:55, 23 Сәуір 2025 | GMT +5
Қытайдағы велотректен Қазақстан құрамасы 2 күміс, 1 қола алды
АСТАНА. KAZINFORM - Қытайда өткен велотректен «Hong Kong International Track CUP» турнирінде қазақстандық велошабандоздар 2 күміс, 1 қола медаль алды.

Халықаралық турнирде 68 елден келген 300-ден астам спортшы жүлделерді сарапқа салды. Мэдисон дисциплинасында еліміздің ұлттық құрамасы мәре сызығын екінші болып қиды. Бұл сында ел намысын Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов қорғады.
Аталған жарыста бірінші орынды Жапония алса, үздік үштікті «Bridgestone Cycling» командасы түйіндеді.
Ал топтан тыс қалу жарысында Илья Карабутов күміске, Рамис Дінмұхаметов қолаға ие болды.
Еске салсақ, бұдан бұрын тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасының спортшысы Кирилл Курдиди Малайзияда өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді.