Қытайдың «Чанчжэн-8» зымыран тасығышы жаңа интернет-спутниктерді орбитаға шығарды
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясында орналасқан коммерциялық ғарыш айлағынан 18 интернет-спутнигі бар «Чанчжэн-8» (Long March-8) зымыран тасығышы сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Синьхуа.
Зымыран Бейжің уақытымен 21:32-де Хайнань коммерциялық ғарыш айлағынан көкке көтерілді.
Ол жетінші топқа кіретін интернет-спутниктерді белгіленген орбитаға сәтті жеткізді.
Бұл спутниктер Қытайдың «Цяньфань» (Spacesail) спутниктік жүйесін құрап, коммерциялық интернет қызметін ұсынуға арналған.
Еске салсақ, осыдан бұрын Қытайдың сынақтағы ғарыш кемесі орбиталық станцияны жабдықтауға жол ашатынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Қытай ғарышта аурухана салу үшін орбитаға медициналық жабдықтар жібергені белгілі болды.
Бұдан бөлек, Қытайдың эксперименттік спутниктік топтамасы Айды толық зерттеуге жол ашпақ.