Қытайдың оңтүстігінде жер сілкінісінен екі адам қаза тапты

АСТАНА.KAZINFORM — Дүйсенбі күні таңертең Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Лючжоу қаласында 5,2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды CGTN.

Қытайдың оңтүстігінде жер сілкінісінен екі адам қаза тапты
Фото: The Nation

Екі адамның қаза тапқаны расталды, ал бір адам із-түзсіз жоғалып кетті.

7000-нан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Жергілікті билік 13 ғимараттың құлағанын хабарлайды.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, билік көлік қозғалысы қиындауы мүмкін екенін ескертеді.

Айта кетейік, 16 мамырда Қырғызстан мен Қытай шекарасында 4,8 балдық жер сілкінісі болды.

Сондай-ақ, сейсмологтар 15 мамыр түнінде Қытайда 4,5 балдық жер сілкінісін тіркегенін хабарладық.