Қытайдың оңтүстігіндегі су тасқыны: 39 адам қаза тапты, тоғызы із-түзсіз жоғалып кетті
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы су тасқынынан 39 адам қаза тапты, тағы тоғызы із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Синхуа.
Жергілікті билік бұл туралы бейсенбі күні хабарлады.
Су тасқынын бақылау және апаттарды жою жұмыстарына арналған баспасөз мәслихатында 39 адамның Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының орталығы Наньниндегі бөгеттің бұзылуынан қаза тапқаны айтылды.
Бұған дейін Қытайдың оңтүстігіндегі су тасқыны он адамның өмірін қиып, он мыңдаған тұрғын үйлерінен кетуге мәжбүр болған.
Қытай су тасқынынан зардап шеккен Гуансиге қосымша көмек жіберді.