Қытайдың оңтүстігіндегі су тасқынынан 159 адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында «Майсак» тайфунынан болған су тасқынынан кем дегенде 159 адам қаза тауып, тағы 10 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды агенттіктің Бейжіңдегі тілшісі Синхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Апат аймақтың 16 уезіндегі 1,65 миллионнан аса тұрғынға әсер етті.
Наньнин билігі 6-12 ай ішінде қала инфрақұрылымы мен қалыпты өмір жағдайын қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Гуйганда тұрғын үйлерді жөндеу, өндірісті қайта жандандыру және су қоймаларын нығайту басымдыққа ие.
Шілде айының басында тайфун аймаққа ұзаққа созылған нөсер жауын әкеліп, Люлань және Юньбяо су қоймаларының бөгеттері бұзылды. Соның салдарынан ауқымды апат болды.
Бұған дейін Қытайда «Долфин» тайфунына байланысты жүз мыңдаған адам эвакуацияланғаны хабарланды.