Қытайдың Орталық Азиямен сауда айналымы 2024 жылы рекордтық көрсеткішке жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Орталық Азия елдерімен тауар айналымы 2024 жылдың қорытындысы бойынша 94,82 млрд долларды құрады, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Грузоперевозки товарооборот Жүк тасымалдау тауар айналымы
Фото: Александр Павский/Kazinform

Бұған Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы жариялаған мәліметтер дәлел.

Қытайдың Орталық Азиядағы сауда серіктестері рейтингінде Қазақстан бірінші орында — 43,82 миллиард доллар, Қырғызстан екінші орында (22,71 миллиард доллар), үшінші орында Өзбекстан (13,78 доллар), Түрікменстан төртінші орында (10,65 миллиард доллар). Үздік бестікті 3,86 миллиард доллармен Тәжікстан түйіндеді.

2023 жылы Қытайдың Орталық Азия елдерімен тауар айналымы 89,4 млрд долларды құрады.

Айта кетейік, Қытайдың басқа елдермен сауда көлемі 2024 жылы 6,16 трлн долларға жеткен. Қытайдың сауда профициті 1 триллион долларға жуықтады.

Бұған дейін Қытай Орталық Азия елдерімен бірлесіп өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға ниетті екені хабарланды.

Соңғы жаңалықтар