Қытайдың Орталық банкі трансшекаралық операцияларда юань пайдалануды ынталандырады

АСТАНА. KAZINFORM - Қытай Халық банкі (ҚХБ, Орталық Банк) халықаралық сауда, инвестициялар және қаржыландыру процедураларын жеңілдету үшін трансшекаралық есеп айырысу операцияларында, баға белгілеуде, инвестицияларда және қаржыландыруда юань пайдалануды ынталандырады.

Хитой Марказий банки халқаро савдода юандан фойдаланишни рағбатлантиради
Фото: freepik

Бұл туралы бейсенбіде жарияланған Қытай Халық банкі мәлімдемесінде айтылған, деп жазады Синьхуа.

Орталық банк юаньның оффшорлық нарығын дамытуға, валюталық своптар мен клирингтік банктердің рөлін арттыруға ниетті екенін мәлімдеді, сондай-ақ Шанхай мәртебесін қалыптастыруды жеделдетуге және Сянганның халықаралық қаржы орталықтары ретіндегі мәртебесін сапалы нығайтуға уәде берді.

17-18 ақпан аралығында ҚХБ өткізген конференцияда 2024 жылдың соңына қарай жаһандық төлемдердегі юань үлесі төртінші орында, ал әлемдік сауданы қаржыландырудағы юань үлесі үшінші орында екені айтылды. Бұл юань интернационализациясының тұрақты өсуін көрсетеді.

Конференцияда 2025 жылы орталық банктің макропруденциалды реттеу мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі функцияларын кеңейту, макропруденциалды саясат жүйесін жетілдіру, сондай-ақ тиісті жаңа құралдарды енгізуге күш жұмсалатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, ҚХБ нарықтағы құлдырауды тоқтату және секторды тұрақтандыру үшін жылжымайтын мүлік секторындағы қаржылық басқаруды жақсартуға уәде берді.

Қытай осыған дейін 2025 жылы шетелдік инвестицияларды тұрақтандыру бойынша іс-қимыл жоспарын жариялады.

 

Соңғы жаңалықтар