08:07, 25 Ақпан 2010 | GMT +5
Қиыршық тас пен кірпіш өндіру жолға қойылды
ЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Жаңақорған ауданындағы «Қорған-Тас компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қиыршық тас пен кірпіш өндіруді қолға алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Индустриялық-инновациялық бағдарламаға сай жылдық қуаты 500 мың тонна қиыршық тас және 8 млн. дана кірпіш өндіретін бұл зауыт толық іске кіріскенде 100 адам еңбекпен қамтылады. Өндіріс жобасының құны 100 млн. теңгені құрайды.