Қызылорда әкімдігінің ғимаратын жөндеуге бюджеттен бір тиын бөлінген жоқ

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысының әкімдігі әкімдік ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізу үшін бюджеттен ешқандай қаржы қаралмағанын мәлімдеді.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

- Кезінде сапасыз салынуына байланысты қыс мезгілінде ғимарат іші салқындап, ауа райының қолайсыз кезеңінде сыртқы тақтайшалары түсе бастаған. Ғимаратқа демеушілер есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бюджеттен ешқандай қаржы қаралмағанын атап өтеміз. Осыған байланысты азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жұмыс аяқталғанға дейін уақытша қоршау қойылғанын хабарлаймыз, - делінген әкімдіктің мәлімдемесінде.

Қызылордада бұған дейін әкімдік ғимараты орналасқан Сұлтан Бейбарыс көшесі кеңейіп, жаяу жүргіншілер жолы жаңарды. Көше жаңа ғимараттармен айшықталып, жарықтандырылды.

- Сонымен қатар облыс әкімдігі ғимаратының қоршауы алынып, бұл маң қала тұрғындары мен қонақтары үшін серуендейтін көрікті орынға айналды, - делінген хабарламада.

Бұған дейін біз Қызылорда облысына инвестиция тарту көрсеткіші артып келе жатқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар