Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылорда автобус паркі 249,6 млн теңге жалақы қарызын өтеді

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Биыл 6 айда Қызылорда облысында 35 мың жұмысшының құқығы, оның ішінде 9,5 мың жұмысшының конституциялық құқығы қорғалды.

Медианалық жалақы
Фото: Ұлттық статистика бюросы

Облыстық прокуратурадан хабарлағандай, қадағалау актісімен 691 млн теңге жалақы өндірілді. 

— «Қызылорда» автобус паркі» серіктестігінің 660 жұмысшысына 249,6 млн теңге, «Қызылорда тазалығы» кәсіпорнының 606 жұмысшысына 106,3 млн теңге жалақы қарызы төленді. Бұдан бөлек қадағалау актісінің нәтижесінде 483 жұмыс беруші 7613 жұмысшының пайдасына жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарын жасап, олардың құқығы қорғалды, — делінген хабарламада. 

Жыл басынан бері 266 мың адамның құқығы қорғалды. Оның 11 мыңының конституциялық құқығы қалпына келтірілді. Заңбұзушылыққа жол берген 2 237 адам тәртіптік және әкімшілік жауапқа тартылды. Оның 214-і басшылық лауазымда.

Есепті кезеңде облыста қылмыстық кодекстің сталкинг бабымен 4 адамға қатысты айыптау үкімдері қабылданған.