Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жаңа басшы келді
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы болып Бейбіт Бидаш тағайындалды.

Ол 1987 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 2010 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін медико-профилактикалық іс мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 2010 жылы Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы Қармақшы аудандық филиалының дәрігер-лаборанты болып бастаған. 2020 жылға дейін қалалық филиал мен облыстық орталықта дәрігер-зертханашы, бөлімше дәрігері қызметін атқарды.
2020-2025 жылдары санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің қалалық, Жаңақорған аудандық басқармаларында эпидемиологиялық бақылау, санитариялық-гигиеналық бақылау, техникалық регламенттерді бақылау бағыттары бойынша түрлі лауазымда қызмет етті.
Осыған дейін Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары болды.
Бұған дейін Қызылорда облыстық дін істері басқармасының басшысы лауазымына Мира Қазбекова тағайындалғанын хабарлағанбыз.
Айта кетейік, саясат, экономика, бизнес, ғылым, мәдениет секілді түрлі салада ел дамуына елеулі үлес қосқан танымал қазақстандықтардың өмірбаяны мен қызықты мәліметтерді мына жерден оқи аласыз.