Қызылорда кәсіпорындарында жазатайым оқиғадан 6 адам қаза тапты

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Өткен жылы Қызылорда облысының мемлекеттік еңбек инспекторлары тексеру нәтижесінде 348 заңбұзушылықты анықтады. Бұл туралы мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мәлімдеді.

Бектемір Жұмағұлов
Фото: Өңірлік коммуникация қызметі

235 нұсқама берілсе, соның 212-сі немесе 90,2%-ы орындалды.

- Еңбек заңнамасы талаптарын бұзғандарға қатысты 49 әкімшілік іс қозғалып, 2 ескерту берілді. 9,5 млн теңге айыппұл салынды. Оның 8,6 млн теңгесі бюджетке түсті, қалған бөлігі мерзіміне сәйкес өндіріліп жатыр, - деді департамент басшысы Бектемір Жұмағұлов.

Былтыр 517 жұмысшының бұзылған еңбек құқығы қалпына келтірілді. Жұмыс орнындағы 68 жазатайым оқиға тергеліп-тексеріліп, оның 39-ы еңбек қызметімен байланысты деп танылды.

- Зардап шеккендер саны 57 болды, бұл 2024 жылғыдан 14%-ға көп. Өкінішке қарай 6 адам қаза тапты, олар — «Бастау-S» ЖШС, Қызылорда жылу электр орталығы, Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы мен Қазалы су сервис кәсіпорнының өкілдері, - деді департамент басшысы.

Еске салсақ, елімізде ақпараттар жүйесін интеграциялау арқылы кәсіпорындарда болған төтенше жағдайларды тергеу барысы толық автоматтандырылды.

Соңғы жаңалықтар