Қызылорда облысында 27 мыңнан астам зейнетақы мен жәрдемақы жаңадан рәсімделді
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Ел заңына сәйкес жасына байланысты зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы және жәрдемақы мөлшері артып, Қызылорда облысында 1 қаңтардан бастап 290 мыңнан астам зейнетақы мен жәрдемақы алушының төлем мөлшері қайтадан есептелді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің облыстық департаменті хабарлағандай, биыл 6 айда 27 032 зейнетақы мен жәрдемақы жаңадан рәсімделді.
— 24 233 іс макеті қайта қаралды. 2025 жылдың 6 айында бұл көрсеткіш 25 388 болған. Осылайша қайта қаралған макеттер саны 4,5%-ға азайған. 889 іс макеті бойынша зейнетақы және жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған. Мұндай істер саны 45%-ға азайған, — деді департамент басшысы Бекболат Шәріпбеков.
Істердің 88%-ы бойынша төлем тағайындаудан бас тартуға зейнетақы жинағы сомасының инфляция деңгейі ескерілген міндетті зейнетақы жарнасының сомасынан артық болуы себеп. Қалғаныіс құжаттарының толық болмауына байланысты бас тартылған.
Бұған дейін біз Жамбыл облысында 168 жұмысшының зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік аударымдары төленбегенін жазған едік.