Қызылорда облысында ірі көлемде есірткі сақтау және тарату фактілері анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM —  «Нашақорлыққа жол жоқ!» жобасы аясында Арал аудандық прокуратурасының үйлестіруімен Қызылорда облысының ПД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен есірткі тасымалының жолы кесілді. Бұл туралы Қызылорда облысы прокуратурасы мәлім етті.

Қызылорда облысында ірі көлемде есірткі сақтау және тарату фактілері анықталды
Фото: Kazinform

Самара-Шымкент тас жолы бойында Шижа елді мекенінің тұсында есірткі сақтады деген күдікпен автокөлік тоқтатылып, жүргізушіні тексеру барысында 9 полиэтилен пакетке оралған салмағы 557 гр. болатын кептірілген марихуана анықталып, айғақзат ретінде алынды.

Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз тасымалдау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда жиһаз цехында есірткі еккен тұрғын анықталғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар