Қызылорда облысында заңсыз кезектен шығарылған жетім балалар баспаналы болды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қармақшы ауданы прокуратурасы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша талдау жүргізді.

баспана
Фото: freepik

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған санаттағы балалар тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқылы.

Сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін үйлердің жалпы санының кемінде 20 пайызы жетім балаларға берілуі тиіс.

Алайда тексеру барысында жергілікті атқарушы органдардың әрекеті нәтижесінде бұл санаттағы азаматтардың тұрғын үй алу мүмкіндігі бұзылғаны анықталды.

- Тек прокурорлық қадағалау актісінен кейін ғана олардың құқықтары қалпына келтірілді. Заңсыз тұрғын үй кезегінен шығарылған азаматша қайта кезекке қойылды. Сондай-ақ кезекте тұрған үш жетім баланың көптен күткен баспаналарына қол жеткізуі қамтамасыз етілді, – делінген ресми ақпаратта.

Айта кетейік, Қазақстанда 360-тан аса тәлімгер жетім балаларға өмірлік жол сілтеп жүр.

Соңғы жаңалықтар