Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы лауазымына Мәди Бекмағанбетов тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы тағайындалды
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Мәди Бекмағанбетов еңбек жолын білім беру ұйымдарында бастаған. Әр жылдары облыстық ішкі саясат басқармасында маман, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы лауазымдарында қызмет атқарған. 2020-2023 жылдар аралығында облыс әкімі аппаратында ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім басшысы болған.

2023 жылдан бүгінге дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Еске салсақ, бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыс активіне облыстық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі негізінде бұл лауазымға Алмас Әбілпатта тағайындалды