Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыс активіне облыстық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі негізінде бұл лауазымға Алмас Әбілпатта тағайындалды. 

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Алмас Әбілпатта 1987 жылы дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде емдеу ісі мамандығы бойынша білім алған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің денсаулық сақтаудағы іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Еңбек жолын облыстық медицина орталығында қабылдау бөлімшесінің хирург-дәрігері ретінде бастаған. Әр жылдары облыстық көпбейінді аурухананың хирург-дәрігері, бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары болып еңбек еткен. 

2023 жылдан осы кезге дейін Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарып келді.

Бүгін сондай-ақ Алматы облысы әкімінің өкімімен Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Төлеген Кенжебеков тағайындалды.