Қызылорда облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM - Қызылорда облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы президенті қызметіне Нұрәлі Қожасов тағайындалды.

Нұрәлі Қожасов
Фото: Қызылорда облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы

Бұл жөнінде Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы мәлім етті.

Оны облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Б. Артаевтың төрағалығымен өткен алқа отырысында республикалық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының бас хатшысы Дамир Бекбосынов көпшілікке таныстырды.

Нұрәлі Қожасов 1988 жылы 27 қыркүйекте Қызылорда облысы Шиелі кентінде дүниеге келген.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педгогикалық университеті, Халықаралық көлік-гуманитарлық университеттерін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2010 жылы «Хабар» агенттігінде продюсер болып бастап, одан кейін режиссер және продюсер, «ArnaMedia», «PrimeAsia» компанияларының директоры қызметін атқарды.

Сондай-ақ «Ustady» ЖШС білім беру компаниясының Шымкент, Қызылорда, Алматы қалаларындағы филиал директоры, «Independent30» ЖШС компаниясының құрылтайшысы болды. 

Былтырдан бастап «Respublica» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақ күресінен Қызылорда облысының жастар арасындағы аға жаттықтырушысы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум