Қызылорда тұрғыны жалған ақпарат таратқаны үшін қамалды

АСТАНА. KAZINFORM — Қызылорда тұрғыны жалған ақпарат таратып, полиция қызметкерлеріне құрметсіздік танытқан. 

Қызылорда тұрғыны жалған ақпарат таратқаны үшін қамалды
Фото: видеодан алынған скрин

Қызылорда қаласының 22 жастағы тұрғыны Шұғыла Сәбит түнгі уақытта тыныштықты бұзып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, ұсақ бұзақылық жасағаны және жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен қыз әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар оған әкімшілік айыппұлдар салынды және ресми ескерту берілді.

Қабылданған шаралардан кейін қыз әлеуметтік желілердегі тиісті жарияланымдарын өшірді.

Еске салайық, бұған дейін аталған қыз әлеуметтік желілерде өзін «күлгені үшін» жауапкершілікке тартты деген жалған ақпарат таратып, билік өкілдеріне құрметсіздік танытқан.

Айта кетелік полиция формасын киіп, әдепсіз би билеген блогер жауапқа тартылған еді