Қызылорда түрмесінде сәлемдеме арасынан кір сабынға жасырылған телефон табылды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушіге танысы ерекше сәлемдеме алып келген.

Қызылорда түрмесінде сәлемдеме арасынан кір сабынға жасырылған телефон табылды
Фото: Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті кір сабынның ішіне телефон жасырып өткізбек болған.

— Сәлемдемені тексеру нәтижесінде мекеме қызметкерлері кір сабынның ішіне жасырылған телефонды тапты. Телефон сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттардың қатарына жатады. Оны мекеме аумағына енгізуге әрекеттенген күдіктегі қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 481-бабына сәйкес құжаттар сотқа дайындалып жатыр, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары — Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков Қостанай облысында адвокаттарды тергеу изоляторына өткізер кезде шалбарын шешкізіп тексереді деген мәлімдемеге түсініктеме берген болатын.

Соңғы жаңалықтар