Қызылордада 20 жыл құлдықта болған отбасыға көмек көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облыстық полиция департаменті 20 жыл құлдықта болған қазалылық отбасыға қатысты мәлімдеме жасады.

СҚО-да белгілі спортшының отбасы 23 жастағы жігітті құлдықта ұстаған
Фото: Видеодан скриншот

Полиция тарапынан адам саудасының құрбанына айналған отбасыға көмек көрсетілген. 

– Қазалы ауданының тұрғыны Жалғасбаев Ақсуат ауылына қарасты Итжемес деген жерде аудан тұрғыны отбасымен бірге өзіне 20 жылдай малын күштеп бақтырғанын көрсеткен. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, жәбірленушінің өтініші бойынша өзі және оның отбасы құрамы қорғауға алынды. Ішкі істер органының қызметкерлері тәулік бойы олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті, - деді департаменттің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Әділхан Шопанов. 

Жыл басынан бері жергілікті шаруа қожалықтарында адамның құқықтары мен бостандықтарын таптау немесе шектеу деректері тіркелмеген. 

Отбасымен құлдықта болғанын айтқан Қожагелді Жалғасбаев бұған дейін оқиғаның нақты барысын айтып берген болатын

Соңғы жаңалықтар