Қызылордада 53 жер учаскесі мен 6 су айдыны мемлекетке қайтарылды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облыстық прокуратурасы биыл 6 айда жер саласында 9 қадағалау актісін жасады.
Соның нәтижесінде 16 қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
— Кадастрлық құны 640 млн теңге 26 мың гектар аумақтағы 53 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Кәсіпкерлік мақсаттағы 180-ге жуық жер учаскесінің игерілмегені анықталып, уәкілетті органдарға тиісті шара қабылдау тапсырылды, — деді облыс прокуроры Ризабек Ожаров.
Табиғат қорғау саласында 28 қадағалау актісі енгізіліп, 1,4 млрд теңге бюджетке өндірілді.
— Кадастрлық құны 2,8 млн теңге 6 су айдыны мемлекетке қайтарылды. Уран өндеу зауыттарының қызметіне жүргізілген талдау нәтижесі бойынша 5,4 млрд теңге айыппұл салынды, — деді прокурор.
Еске салайық, осы уақытта облыс прокурорлары 35 мың жұмысшының құқығын қорғағанын жазғанбыз.