Қызылордада экология талабын бұзғандарға 14,8 млрд теңге айыппұл салынды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облыстық Экология департаментінің қызметкерлері биыл 10 айда 46 субъектіге тексеру жүргізіп, 100-ге тарта экологиялық заңбұзушылықты анықтады.

штраф
Фото: Рүстем Айтхожин/Kazinform

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңбұзушылықтарға байланысты әкімшілік іс қозғалды. Жеке және заңды тұлғаларға 14,8 млрд теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 42,5 млн теңгесі өндірілді.

- Заңсыз карьерлерді анықтау, зерттеп-қарау, мониторинг жұмыстарын жүргізу, осы бағытта тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау және мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізіліп келеді. Аталған шара қорытындысымен кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің 15 дерегі анықталды. Құқық бұзушыларға барлығы 2 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, - делінген департамент хабарламасында.

Ал жақында табиғат қорғау прокуратурасының тапсырмасы бойынша Ақтөбе облыстық экология департаменті «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ы филиалының қызметіне тексеру жүргізген болатын.

Соңғы жаңалықтар