Қызылордада көлік жылдамдығын автоматты түрде тіркейтін 10 кешен іске қосылады

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облыстық полиция департаменті облыс орталығында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында Sunqar автоматтандырылған бақылау кешендері іске қосылатынын мәлімдеді.  

Қызылордада көлік жылдамдығын автоматты түрде тіркейтін 10 кешен іске қосылады
Фото: Нұрболат Нұржаубай

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, ертең, яғни 9 қаңтардан бастап қала аумағында 10 кешен іске қосылады. Ол жылдамдықты асыру және жаяу жүргіншілерге жол бермеу фактілерін автоматты түрде тіркейді.

Департамент кешен орталылған орындар тізімін ұсынды.

Олар: 

1. Қорқыт ата көшесі, «Арсенал» СОО маңы

2. Жаппасбай көшесі, 175 Б үй маңы

3. С.Бейбарыс көшесі, облыс әкімдігі маңы

4. Нұрорда шағын ауданы, Текей батыр көшесі, 54-үй

5. Астана даңғылы – Б. Жүсіпов көшесі.

6. Ғ.Мұратбаев көшесі, 15-үй

7. Тәуелсіздік даңғылы, Bella Vista қонақүйі

8. Саламатов – Қыдыров көшелері

9. А.Байтұрсынұлы көшесі, №3 лицей

10. Абай даңғылы – Алтынсарин көшесі.

Полиция жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға, жылдамдықты асырмауға және жаяу жүргіншілерге жол беруге шақырды.

Айта кетейік, былтыр Қызылордада көлік жылдамдығын бақылайтын «көзге көрінбейтін» камералар пайда болған еді. 

Соңғы жаңалықтар