Қызылордада көші-қон қызметімен заңсыз айналысқандар ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM – ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға күдікті бір топ адамның әрекетінің жолын кесті.

Қызылордада көші-қон қызметімен заңсыз айналысқандар ұсталды
Фото: ҚР ҰҚК

Алдын ала деректер бойынша, олар жақын шетел азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға 80-нен астам заңсыз рұқсат ресімдеген.

Тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленген. 

Қызылордада көші-қон қызметімен заңсыз айналысқандар ұсталды
Фото: ҚР ҰҚК

ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігі, 394-бабының 2-бөлігі және 366-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Жетісу облысында көші-қон заңын бұзу фактілері жиілегенін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар