Қызылордада құны 86 млн теңге жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазалы ауданында жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау және оларды өз бетінше иелену фактілері анықталды.

жер учаскесі
Фото: АШМ

Қазалы ауданының прокуратурасы жер заңнамасы талаптарының сақталуына талдау жүргізді. 

— Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында прокуратурамен қадағалау актілері енгізіліп, оларды қарау нәтижелерімен мемлекет кірісіне жалпы құны 86 млн теңгені құрайтын жалпы аумағы 10 мың гектар жер учаскелері қайтарылды. Жер учаскелерін заңсыз иеленген тұлғалар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 136-бабына сәйкес уәкілетті органмен әкімшілік жауаптылыққа тартылды, — делінген ведомство хабарламасында.

Прокуратураның баспасөз қызметі мәлім еткендей, осы тектес фактілердің жолын кесу заңдылықты қалпына келтіруге, мемлекеттік мүдделерді қорғауға және өңірдің жер ресурстарын тиімді пайдалануын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Осыдан бұрын Алматыда Горький саябағындағы 5 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылатынын жазған едік.